Accessibility links

Косово ЮНЕСКО-ға мүше болмақ


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

ЮНЕСКО атқарушы кеңесі Сербияның қарсылығына қарамастан Косовоны ұйымға мүшелікке қабылдау ұсынысын қолдап дауыс берді.

Енді Косовоның ЮНЕСКО құрамына қабылдануы туралы нақты шешім қарашада өтетін конференцияда қабылданады.

Этникалық албандар тұратын Косово 2008 жылы Сербиядан тәуелсіздігін жариялаған еді. Алайда Белград өзінің бұрынғы провинциясының тәуелсіздігін мойындамай, оның кез келген халықаралық ұйымға мүше болуына қарсы шығып келеді.

Сербия үкіметі Косово 1999 жылғы соғыс кезінде Сербия халқының мәдени мұраларын сақтап қала алмады деп айыптап, олардың ЮНЕСКО ұйымына мүшелігі халықаралық стандарттарға сай келмейтінін айтады. Ал Косово билігі бұл айыптары мойындамайды.

XS
SM
MD
LG