Accessibility links

Ақ үй Мәскеудің Асадты қабылдауын сынады


Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия президенті Башар Асадты қабылдаған сәті. Мәскеу, 21 қазан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путиннің Сирия президенті Башар Асадты қабылдаған сәті. Мәскеу, 21 қазан 2015 жыл.

Ақ үй Мәскеудің Сирия президенті Башар Асадты қызыл кілем төсеп қабылдағанын сынады.

АҚШ президентінің баспасөз қызметкері Эрик Шульц "өз халқына химиялық қару қолданған Башар Асадты қызыл кілем төсеп қарсы алу - Ресейдің Сириядағы саяси тұрақтылық орнатқысы келетін сөзіне қарама-қарсы әрекет" деді.

Сирия президенті Башар Асад 20 қазан күні Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинге әскери қолдауы үшін алғыс айтты. Сириядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған еді.

XS
SM
MD
LG