Accessibility links

Иракта 365 адам жерленген орын табылды


Ирак әскерилері (Көрнекі сурет).
Ирак әскерилері (Көрнекі сурет).

Халықаралық агенттіктердің мәлімдеуінше, Ирактың солтүстігіндегі Байджи қаласында 19 жаппай жерлеу орны табылған. Бұл жерден 365 адамның мәйіті табылған.

Ирак әскерилері "жерленгендер "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобының содырлары болуы мүмкін" деген болжам жасағанымен, орынды әлі де толық тексеру керек екенін мәлімдеді.

Алайда мерт болғандардың қашан жерленгені туралы нақты ақпарат жоқ. Бұған дейін Ирак әскері Байджи қаласын ИМ бақылауынан босатқан.

XS
SM
MD
LG