Accessibility links

Парламент ақпаратқа қол жеткізу жайлы заң қабылдады


«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы. Астана, 8 қыркүйек 2015 жыл.

«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасы. Астана, 8 қыркүйек 2015 жыл.

Бүгін Қазақстан парламенті сенатының депутаттары «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын қабылдады деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Мәжіліс комитетінің қортындысы бойынша, заң жобасының мақсаты – азаматтардың заңмен тыйым салынбаған әдіспен кез келген ақпаратты еркін алу және тарату жөніндегі конституциялық құқығын іске асыру болып табылады. Құжатта азаматтардың сұрау салуы бойынша тиісті ақпаратты беретін ақпарат иеленуші субъектілер (соның ішінде бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар да бар) тізбесі мен ақпаратқа қол жеткізу тәсілдерін кеңейту, сонымен бірге, сұраған ақпаратты беру мерзімін 30 күннен 20 күнге дейін қысқарту көзделген.

Қабылданған заңға сәйкес, шектеуге болмайтын мәліметтер қатарына азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылғаны жайлы және террорлық актілер жасалғаны туралы деректер жаңадан енгізілген. Заң бойынша, 2016 жылдан бастап азаматтардың сұрауы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық және радиациялық ахуал жөнінде, тағам өнімдерінің қауіпсіздігі туралы, азаматтардың өміріне қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың салдары жайлы, сонымен қатар табиғи апаттар туралы ақпараттарды беру қолданысқа енбек.

XS
SM
MD
LG