Accessibility links

Қырғызстан Ресейден грант алмақ


Қырғызстан мен Ресей тулары. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстан мен Ресей тулары. (Көрнекі сурет.)

Қырғызстан қаржы министрінің орынбасары Алмаз Бекетаев ел үкіметі Ресейден 30 миллион доллар көлемінде грант алатыны туралы мәлімдеген.

Бекетаевтың сөзінше, бұл грант Қырғызстанның бюджет тапшылығын жоюға бөлінбек. Сонымен бірге вице-министр жыл соңына дейін Еуропа одағы Қырғызстанға 397 миллион сомның (5,8 миллион доллардан аса) жеңілдікті несиесін беретінін айтқан.

Бекетаев бұл алынатын ақша «елдің сыртқы қарызына әсер ептейтінін» айтады. Қазіргі кезде Қырғызстанның сыртқы қарызы 3,6 миллиард долларды құрайды. Алдын ала болжамдар бойынша, Қырғызстанда бюджет тапшылығы 216 миллион доллардан асады.

XS
SM
MD
LG