Accessibility links

HRW Синдзо Абэні адам құқығы жайын айтуға шақырды


 Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.
Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ.

Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқыққорғау ұйымы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэні Орталық Азия елдеріне сапары кезінде «аймақтағы адам құқығының алаңдатарлық жағдайы туралы мәселе көтеруге» шақырған.

Абэнің Орталық Азия елдеріне сапары қарсаңында оған үндеуінде HRW Абэ Орталық Азия елдерінің билік жетекшілерімен келіссөздерде адам құқығы «негізгі мәселе» болуы тиіс деп атап көрсеткен. HRW саяси қуғын-сүргін және құқыққорғаушылар мен азаматтық белсенділерді түрмеге қамау, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ-тарға, жиын өткізу және бірігуге қатысты қабылданған шаралар, сонымен бірге азаптау үшін жауапкершіліктен сытылып кету тәрізді мәселелері айрықша назар аударуды қажет етеді деп санайды.

Абэ бастаған, құрамына елуге жуық адам енген жапон делегациясы Орталық Азиядағы бес елге бір апталық сапарын бүгін бастады. Аймақ елдеріндегі кездесулерде Абэ іскерлік келісімдер туралы келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған. Сапарға шығар алдында Абэ Жапонияның Орталық Азия елдері және Моңғолиямен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін айтқан.

Жапония үкімет жетекшісі соңғы тоғыз жыл ішінде алғаш рет Орталық Азияға сапармен келе жатыр. Синдзо Абэ Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанға сапармен барған алғашқы жапон премьер-министрі болмақ.

Синдзо Абэ Астанаға қазанның 26-сы күні келеді деп жоспарланған. Оған дейін 2006 жылы Қазақстанға сол кездегі Жапония премьері Дзюнитиро Коидзуми келген еді.

XS
SM
MD
LG