Accessibility links

Швецияда мектепке шабуыл жасалды


Шабуыл жасалған мектеп жанында тұрған адамдар. Тролльхеттан, Швеция, 22 қазан 2015 жыл.
Шабуыл жасалған мектеп жанында тұрған адамдар. Тролльхеттан, Швеция, 22 қазан 2015 жыл.

Швецияда қылышпен қаруланған белгісіз адамның мектепке жасаған шабуылынан кемінде екі адам жараланып, бір адам қаза тапты. Мектепке шабуыл бүгін таңертең Швециядағы екінші үлкен қала – Гетеборгқа жақын жердегі Тролльхеттан қаласында жасалды.

Қаланың билік орындары оқиға барысында алған жарақатынан оқытушы қаза тауып, 11 және 15 жастағы екі оқушының жараланғаны және шабуыл жасаған адамның ауыр халде жатқанын мәлімдеді.

Бұған дейін полиция әртүрлі жастағы 400-ге жуық оқушы білім алатын мектепте шабуылдан төрт оқушы зардап шеккен деп хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG