Accessibility links

Швеция: белгісіз ер кісі мектепте екі адамды өлтірді


Мектепке шабуыл жасаған адам.

Мектепке шабуыл жасаған адам.

Швеция билігінің хабарлауынша, маска кигер ер адам 22 қазан күні таңертең Тролльхеттан қаласындағы мектептердің біріне шабуыл жасап, бір мұғалім мен бір оқушыны өлтіріп, екі адамды жаралаған.

Швецияның TV4 телеарнасына сұхбат берген оқушылардың бірі "басында біз ер адамның киімін және әрекетін Хеллоуин қарсаңындағы әзіл деп қалдық" деген.

Шабуыл жасаған ер адам полиция қолынан мерт болған. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, шабуыл жасаған адам бетіне маска, үстіне плащ киген және қылышпен қаруланған. Оны мектеп оқушыларының бірі шабуылға дейін суретке түсіріп алған.

XS
SM
MD
LG