Accessibility links

Алматыдағы "Жұлдыз" базарындағы өрт сөндірілді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Алматыдағы "Жұлдыз" көтерме сауда базарындағы өрт сөндірілді. Бұл туралы төтенше жағдай департаменті мәлімдеді. Өрт аумағы 300 шаршы метрді қамтыған.

Базардағы өрт туралы хабарлама таңғы 06:21-де түскен. Бір сағат шамасында өрт сөндірілген. Қалалық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Соңғы жылдары Алматыдағы халық арасында "Барахолка" атанып кеткен ірі сауда аймағында бірнеше рет өрт болған. Ал сәуірде "Адем" сауда орталығында 25 мың шаршы метр жер өртенген.

XS
SM
MD
LG