Accessibility links

Қырғызстаннан Ирак пен Сирияға 400 адам кеткен


"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырлары.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы содырлары.

Сирия мен Иракта экстремистік топтардың қатарында соғысып жүрген Қырғызстан азаматтарының саны 400-ден асады. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне елдің мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мәлімдеген.

Комитет дерегі бойынша, Ош, Баткен және Жалал-Абад облыстарынан Сирия мен Иракқа кеткендер саны өсіп барады. Соғыс болып жатқан аймаққа бүкіл отбасымен бірге кеткендер де бар.

Былтыр қарашада Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы қатарында 300 қазақстандық соғысып жүргенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG