Accessibility links

Қырғызстанда қашқынды ұстағанда қаза тапқан полицей жерленді


Қырғызстандағы түрмеден қашқан тұтқынды ұстау кезінде мерт болған капитан Толобек Исмаиловты жерлеу рәсімі. Бішкек. 23 қазан 205 жыл.
Қырғызстандағы түрмеден қашқан тұтқынды ұстау кезінде мерт болған капитан Толобек Исмаиловты жерлеу рәсімі. Бішкек. 23 қазан 205 жыл.

Қырғызстандағы түрмеден қашқан тұтқындардың бірі Алтынбек Итибаевты ұстау кезінде мерт болған капитан Толобек Исмаиловтың отбасына президенттік қордан үш бөлмелі пәтер мен бір миллион сом берілді. Бұл туралы бүгін Исмаиловты жерлеу рәсімінде елдің премьер-министрі Темір Сариев мәлімдеген.

Капитан Исмаилов мерт болған арнайы операцияда қашқын Итибаев та қаза тапқан.

12 қазанда Қырғызстанның Шу облысындағы Төмөнкү Нооруз ауылында тергеу абақтысынан тоғыз тұтқын қашып кеткен еді. Тұтқындар қашқан кезде түрме күзетіндегі төрт адамды өлтіргені хабарланған. Кейін полиция бес тұтқынды ұстаған. Қырғыз билік орындарының хабарлауынша, қашқындардың төртеуі терроризм және экстремизм айыптары бойынша сотталған, олардың екеуі өмір бойғы түрме жазасына кесілген.

Бұған дейін билік орындары ұсталған үш қашқынның түрмеде «жүрегі нашарлап» және «миына қан құйылып» өлгені туралы хабарлаған еді. Бостандықта жүргендерінің бірі Еділ Абдрахманов бейсенбіде Бішкек қаласы маңында ұсталған.

XS
SM
MD
LG