Accessibility links

Меркель: ЕО мен Украина келісімі Ресейге қарсы емес


Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк неміс-украин форумында. Берлин, 23 қазан 2015 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель (сол жақта) мен Украина премьер-министрі Арсений Яценюк неміс-украин форумында. Берлин, 23 қазан 2015 жыл.

Берлинде бүгін өткен неміс-украин экономикалық форумында сөйлеген сөзінде Германия канцлері Ангела Меркель Еуропа одағының Украинамен жасасқан келісімі Ресейге қарсы бағытталмағаны туралы мәлімдеген. Меркель Германияның Украинамен де, Ресеймен де орайлы экономикалық әріптестік орнатуға ұмтылатынын атап өткен.

«Біз Украинаның Еуропа одағымен, Германиямен, сонымен бірге Ресеймен де қолайлы экономикалық қарым-қатынасы болғанын қалаймыз» деп мәлімдеген Меркель.

Еуроодақ пен Украина арасында әріптестік туралы келісімге былтыр қол қойылған. Келісімді қолдаушылар Украинаның Батыспен байланысы үшін бұл құжат аса маңызды деп санайды. Ал Мәскеу бұл келісімді Ресейдің жақын шетелдегі мүдделеріне қайшы деп қабылдаған.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк Берлиндегі кездесуде өткен айларда Украина экономикасында оң өзгерістер байқалғанын, әйткенмен елде реформаларды жүзеге асыру үшін Германияның жәрдемі қажет екендігін айтқан.

XS
SM
MD
LG