Accessibility links

ХВҚ: Орталық Азияға «сыртқы күйзелістер» кері әсер етеді


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Шикізат тауарлары бағасының төмендеуі, валюта бағамындағы өзгерістер және Ресей экономикасының жағдайы Орталық Азия мен Кавказ елдеріндегі өсімге кері әсер етеді. Бұл туралы бүгін Алматыда таныстырылған Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) баяндамасында айтылған. Құжатта аймақтағы кейбір елдер экономиканы бюджеттік ынталандыру шарасын қолға алып, төл валюталар бағамын түсіргенімен, енді оларға құрылымдық реформаларды жылдамдату қажеттігі ескертілген.

ХВҚ-ның Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаменті директорының орынбасары Юха Кяхконеннің сөзінше, күйзеліс жағдайының ұзақ сипатта болуы аталған аймақ елдеріне «экономикалық саясатта бұдан да терең және ұзақ мерзімді өзгерістер қажет екенін» білдіреді.

ХВҚ болжамы бойынша, 2015 жылы Қазақстанда экономиканың өсу қарқыны 1,5 пайызды, 2016 жылы – 2,4 пайызды құрайды.

XS
SM
MD
LG