Accessibility links

Чех делегациясын Мәскеу әуежайында бірнеше сағат ұстаған


Мәскеудің Шереметьево әуежайы.

Мәскеудің Шереметьево әуежайы.

Бейсенбі күні Мәскеудің Шереметьево әуежайында Чехия делегациясын бірнеше сағат бойы ұстаған. Соның салдарынан чех елшілігі өкілдерін Шереметьево әуежайына қонған Чехия үкіметінің жолаушылар ұшағына белгіленген уақытында отыруға жібермей қойған.

Чехия парламенті төменгі палатасы спикерінің орынбасары және чех делегациясын бастап келген Петр Газдик делегация мүшелері Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Транссібір темір жол магистралін түгелге дерлік бақылауда ұстаған чех әскерилеріне орнатылған ескерткіштің ашылуына қатысу үшін Ресейдің Ульяновск қаласына бармақ болғанын айтады. Газдиктің сөзінше, сапарға қатысты алдын ала келісім болғанына қарамастан, Ресей жағы чех делегациясын кедендік бақылаудан өтуге мәжбүр еткен. Газдик Ресей билігі чех делегациясы мүшелерін ұстау себебін түсіндірмегенін және депутаттар шағым жасап, нота жолдағанын айтқан.

Чехия сыртқы істер министрлігі ұшақты жолдан қалдыру оқиғасын «әкімшілік себептерге байланысты» деп түсіндірген. Министрлік болашақта «мұндай түсініспеушілікке» жол бермеу мақсатында Ресей тарабымен жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG