Accessibility links

Францияда жол апатынан қырықтан аса адам опат болды


Бордо қаласы көрсетілген Франция картасы. (Көрнекі сурет.)

Бордо қаласы көрсетілген Франция картасы. (Көрнекі сурет.)

Францияда бүгін жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып, салдарынан кемінде 42 адам қаза тауып, бесеуі жарақат алған. Бұл туралы Бордо аймағының билік орындары хабарлаған.

Жол-көлік апаты Жиронда провинциясындағы Либурн қаласы маңында, Бордо қаласынан 60 шақырымдай жерде болған.

Елуге жуық адам отырған автобус Ланды провинциясына бара жатқан. Жергілікті баспасөз құралдары автобустағы жолаушылардың көбі қарт адамдар болған деп хабарлады.

Қазір Грекия астанасында сапармен жүрген Франция президенті Франсуа Олланд көп адам қазасына байланысты «қатты қайғыратынын» білдіріп, апат болған жерде төтенше қызметтер жұмыс істеп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG