Accessibility links

Астанада құрылыс компаниясы басшысы қамалды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Астанада «Капитал строй сервис» құрылыс компаниясының директоры тұтқындалды деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Тұтқынға алуға санкцияны бейсенбіде Сарыарқа аудандық соты берген.

Құрылыс компаниясының директоры Игорь Дмитриенко Астанадағы «Гранитный» тұрғын үй кешені құрылысы үлескерлерінің 222 миллион теңгеден көп (803 мың доллардан аса) қаржысын жымқырған деген күдікпен ұсталған.

Бұған дейін Астанада қаржы жымқырған деген күдікпен бірқатар жергілікті құрылыс компанияларының жетекшілері ұсталған еді. Олардың арасында – «Шейх Каз Инвест» құрылыс компаниясы өкілдері мен «АльБаракат Company» құрылыс компаниясы директоры Бақытжан Тойымбетов те бар. «Азубка жилья» компаниялар тобының жетекшісі Ерқанат Тайжановқа халықаралық іздеу жарияланған.

XS
SM
MD
LG