Accessibility links

Керри мен Лавров Сирия жайын талқылап жатыр


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров (сол жақта) пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

Венада кездескен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сирия дағдарысын талқылап жатыр. Кездесуге Түркия мен Сауд Арабиясы сыртқы істер министрлері де қатысты.

Бұған дейін Сирия президенті Башар Асад қазанның 20-сы күні Мәскеуге сапармен барған еді. Кремльдің Басадты қабылдауына байланысты Вашингтон наразылық білдірген. Бұл 2011 жылы Сирияда дағдарыс басталғалы бері Асадтың Ресейге алғашқы сапары болды.

Бірнеше апта бұрын Ресей Сирия жеріндегі исламшыл экстремистерге, сонымен қатар, Асад билігіне қарсы күресіп жатқан сириялық көтерілісшілерге әуе соққыларын бастаған. АҚШ пен оның одақтастары Асадтың қарсыластарына қарсы Ресей жүргізіп отырған операцияны сынға алды. Көтерілісшілердің бір бөлігіне батыс елдері қолдау танытады.

Кеше Ресей президенті Владимир Путин өзімен кездесуде Башар Асадтың қарулы оппозициялық топтармен келіссөздерге және «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресуге әзір екенін айтқаны туралы мәлімдеген.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, ресейлік бір топ депутат Башар Асадпен келіссөздер өткізу үшін Дамаскіге барған.

XS
SM
MD
LG