Accessibility links

Ашғабат пен Токио ірі келісімдерге қол қойды


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол алысып тұр. Ашғабат. 23 қазан 2015 жыл.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ (сол жақта) және Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов қол алысып тұр. Ашғабат. 23 қазан 2015 жыл.

Жапония мен Түркіменстан 18 миллиард доллардан асатын соманың келісімдеріне қол қойғаны туралы жұма күні Ашғабатта жапон премьер-министрі Синдзо Абэ мәлімдеген. «Біз жаңа ғана химия саласы мен электр станциясы құрылысына қатысты бірқатар жобалар бойынша келісімдерге қол қойдық» деген ол журналистерге.

Бұған дейін Human Rights Watch (HRW) халықаралық құқыққорғау ұйымы Жапония премьер-министрі Синдзо Абэні Орталық Азия елдеріне сапары кезінде олардың әрқайсысындағы «адам құқығының алаңдатарлық жағдайы туралы мәселе көтеруге» шақырған.

Бейсенбі күні Моңғолия мен Орталық Азияның бес еліне сапарын бастаған Абэмен бірге елуден аса жапон кәсіпкерлері ілесіп жүр. Сапарға шығар алдында Абэ Жапонияның бұл елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүдделі екенін айтқан.

Синдзо Абэге дейін Түркіменстан, Тәжікстан және Қырғызстанға жапон үкімет жетекшісі сапармен барған емес..

Абэ Астанаға қазанның 26-сы күні келеді деп жоспарланған. Оған дейін 2006 жылы Қазақстанға сол кездегі Жапония премьері Дзюнитиро Коидзуми келген еді.

XS
SM
MD
LG