Accessibility links

Молдова: "телефонды заңсыз тыңдаған" оппозиция лидерін босатуды талап етті


Молдовадағы оппозициялық ресейшіл «Наша партия» жетекшісі Ренато Усатый.

Молдовадағы оппозициялық ресейшіл «Наша партия» жетекшісі Ренато Усатый.

Молдовада ресейшіл оппозиция жетекшісі Ренато Усатыйға азаматтардың хат-хабар алмасу құпиялылығын бұзған деген айып тағылған. Бұл туралы «Біздің партия» («Наша партия») төрағасы Ренато Усатыйдан жауап алынған соң журналистерге прокурор Денис Ротару хабарлаған.

Усатый тергеушілер сұрақтарына жауап беріп жатқан кезде Коррупциямен күрес ұлттық орталығы ғимараты алдында жүзден аса адам Ренато Усатыйдың босатуды талап етіп пикет өткізген. Усатый телефон әңгімелерін заңсыз тыңдаған деген айыппен жұма күні 72 сағатқа ұсталған. Ол интернетте жариялаған телефон әңгімелері коррупциялық қылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталған саясаткерлердің өзгелермен сөйлескен сөздері деп көрсетілген.

Тергеушілер жарияланған аудиожазбалардың қандай жолмен жазып алынғанын, сақталғанын және таратылғанын, оларға қоса басқа да заң ережесін бұзу оқиғалары болған-болмағанын тексеріп, тергеу жүргізіп жатыр. Егер сотта оның кінәсі бары дәлелденсе, Ренато Усатый үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы немесе 240 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар атқару болмаса 400 доллар көлемінде айыппұл төлеу жазасын алуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG