Accessibility links

Қазақстанның егемендігіне 25 жыл толды


Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі егемендік туралы декларация қабылдаған Алматыдағы бұрынғы парламент ғимаратында қазір Қазақ-британ техникалық университеті орналасқан.

Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі егемендік туралы декларация қабылдаған Алматыдағы бұрынғы парламент ғимаратында қазір Қазақ-британ техникалық университеті орналасқан.

Бүгін, 25 қазанда, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылданғанына 25 жыл толды.

1990 жылы дәл осы күні Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі «Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясын қабылдаған. Құжатта СССР құрамындағы республиканың егемендігі мен территориясының тұтастығы саяси, құқықтық және экономикалық тұрғыдан дәйектеліп, Қазақстан өзінің барлық атрибуттары, құқықтары мен міндеттері бар егемен ел екенін жариялады.

2001 жылдан бастап 25 қазан – Республика күні ретінде Қазақстанда мемлекеттік мерекелер санатында атап өтіліп келген бұл күн 2009 жылы ол тізімнен алынып тасталды.

Қазақстан егемендік туралы декларация жариялаған 1990 жылы СССР құрамында болған балтық елдері өздерінің одақ құрамынан шығатындарын мәлімдеген болатын. Ал 1991 жылғы «тамыз оқиғасынан» кейін СССР құрамындағы елдер өз тәуелсіздіктерін жариялай бастады. Қазақстан солардың ең соңында – 1991 жылдың 16 желтоқсанда ел тәуелсіздігі туралы декларация қабылдаған еді.

XS
SM
MD
LG