Accessibility links

Түркия ЕО-ға ұмтылған мигранттарды тежеуге тырысып жатыр


Түркияның оңтүстік-шығысындағы босқындар лагерінде. 23 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Түркияның оңтүстік-шығысындағы босқындар лагерінде. 23 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Түркия билігі Еуропаға баруды көздейтін сириялық босқындар ағынын тежеуге тырысып жатыр.

Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, Түркияның солтүстік-батысындағы Грекиямен шектесетін аймақтан сириялық мыңға жуық мигрант елдің оңтүстік-шығысындағы босқындарға арналған лагерлерге жөнелтілген. Билік оларды ас-сумен қамтамасыз етіп, лагерге жеткізу үшін көліктер бөлген.

Түркияның Жерорта теңізі маңындағы туристік аймақтарының басшылары баспанасыз сириялық босқындардың барлығын арнайы лагерлерге жөнелту жөнінде нұсқау берген.

Бұған дейін Еурокомиссия мен Түркия Еуропа одағына жаппай ағылған босқындар легін тоқтатуды көздейтін жаңа жоспар әзірлеген болатын. Түркия мен Грекия Эгей теңізінің шығыс бөлігін бірлесіп торуды бастады. Шолғыншылардың міндеті – контрабандистердің кеме-қайықтарын ұстап, мигранттарды Түркияға қайтару. Түркияда босқындарға арнап екі миллион орындық қосымша алты лагерь ұйымдастырылмақ. Бұл жобаны Түркия мен Еуропа кеңесі бірге қаржыландырады.

XS
SM
MD
LG