Accessibility links

Брюссельде мигранттар жайын талқылайды


Сербия аумағына келген босқындар. 23 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)
Сербия аумағына келген босқындар. 23 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет.)

Еурокомиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкер бүгін Брюссельде бірқатар елдердің басшыларымен Балканның батыс аймағында қалыптасқан мигранттар дағдарысын шешудің қысқа мерзімдік шұғыл шараларын талқылайды.

Бұған дейін Болгария, Румыния және Сербия егер Германия мен Австрия мигранттарды кіргізбеу туралы шешім қабылдайтын болса, олар да өз елдерінің шекараларын жабуға әзір екенін мәлімдеген.

Софияда румыниялық және сербиялық әріптестері Виктор Понта және Александр Вучичпен кездесуден соң Болгария премьер-министрі Бойко Борисов аталған үш елдің «буферлік аймаққа айналу ниеті жоқ» екенін мәлімдеген.

Венгрия Сербия және Хорватиямен шекарасын жапқан соң Балканның батыс аймағында орналасқан елдерде Еуропаға толассыз келіп жатқан ондаған мың босқын жиналып қалған. Қыстың суығы жақындаған сәтте билік орындары өздеріне келген босқындардың барлығын орналастырып, тиісті жағдай жасауға мүмкіндік пен қаржыдан шектеліп отырғандарын айтады.

XS
SM
MD
LG