Accessibility links

Сирия оппозициясы Мәскеуді әуе шабуылын тыюға шақырады


Сирияда әуеден соққы беруге дайын тұрған ресейілік әскери ұшақ. Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы сурет. 22 қазан 2015 жыл.
Сирияда әуеден соққы беруге дайын тұрған ресейілік әскери ұшақ. Ресей қорғаныс министрлігінің ресми сайтындағы сурет. 22 қазан 2015 жыл.

Сириялық оппозиция өкілдері әуеден қолдау көрсету туралы Мәскеудің білдірген ұсынысынан бас тартты. Reuters агенттігіне білдірген пікірінде «Еркін Сирия армиясы» көтерілісшілері жетекшісінің бірі Фарес Байуш «Мәскеу көмек ұсынбас бұрын Сириядағы оппозицияның қарулы топтарына әуе шабуылдарын доғарсын» деп айтқан.

Оппозицияның негізгі саяси органы – Сирия ұлттық коалициясының қайраткері Самир Нашар Ресей мен сириялық оппозиция арасында ынтымақтастық орнауы мүмкін еместігін мәлімдеген. «Еркін Сирия армиясын» қолдауға ниеті туралы сөздің орнына орыстар әуелі оларды бомбылауды тиғаны жөн» деген оның сөзін келтіреді AFP агенттігі.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров сенбі күні ресейлік телеарнаға сұхбатында Мәскеу Сириядағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына қарсы күресте оппозициялық «Еркін Сирия армиясының» жердегі күштеріне әуеден қолдау көрсетуге әзір деп мәлімдеген еді.

Батыс және араб мемлекеттері Ресейдің Сирияда жасаған әуе соққыларының көбі президент Башар Асадтың әскеріне қарулы қарсылық танытатын көтерілісшілерді нысанаға алған деп мәлімдейді. Кремль ресейлік ұшақтардың әуе шабуылдары тек террорлық және діни экстремистік күштерге қарсы жасалған деп отыр.

XS
SM
MD
LG