Accessibility links

Назарбаев Олландқа көңіл айтып жеделхат жолдады


Францияның Жиронда департаментінде болған жол-көлік апаты. 23 қазан 2015 жыл.

Францияның Жиронда департаментінде болған жол-көлік апаты. 23 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Жиронда департаментінде болған жол-көлік апатына байланысты француз президенті Франсуа Олландқа көңіл айтып жеделхат жолдады деп хабарлады бүгін Ақорда баспасөз қызметі.

«Жеделхатта көп адамның қайтыс болғаны және бірқатар азаматтардың ауыр жарақат алғаны туралы суыт хабарды мемлекет басшысы зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған» делінген Ақорда хабарламасында.

Назарбаев көлік апаты салдарынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өз атынан көңіл айтқан.

Жұма күні Жиронда провинциясындағы Либурн қаласы маңында, Бордо қаласынан 60 шақырымдай жерде жолаушылар автобусы мен жүк көлігі соқтығысып қалған. Оқиға салдарынан 42 адам қаза тауып, бірнешеуі жарақат алған.

XS
SM
MD
LG