Accessibility links

Молдовада оппозиция лидерін қамаудан босатты


Молдовадағы оппозициялық ресейшіл «Наша партия» жетекшісі Ренато Усатый.

Молдовадағы оппозициялық ресейшіл «Наша партия» жетекшісі Ренато Усатый.

Молдовадағы оппозициялық ресейшіл «Наша партия» жетекшісі Ренато Усатый Кишинев сотының шешімімен бостандыққа шықты. Прокуратура өкілдері оны отыз күнге дейін қамауда қалдыруды сұраған еді, бірақ сот ол өтінішті қанағаттандырмады.

Усатый Молдованың экс-премьері Влад Филаттың кәсіпкер Илан Шормен телефон әңгімелерін заңсыз тыңдаған деген күдікке ілінген. Ол интернетте жариялаған аудиожазбада телефонмен сөйлескен адамдардың Молдова банктерінен ұрланған ақша мен коррупцияға қатысы бары аңғарылады.

«Наша партия» жетекшісі жұма күні Мәскеуден ұшып келген бетте Кишинев әуежайында ұсталған еді. Жексенбі күні оны қамауда қалдыру туралы прокуратура өтінішін қарауға кіріскен сот ғимараты алдында мыңдаған адам Усатыйды дереу босатуды талап етіп митинг өткізді. Бостандыққа шығысымен ресейшіл саясаткер шерушілер алдында сөз сөйледі.

Қыркүйектің 25-інен бері Кишиневте елдегі солшыл бағыттағы екі саяси ұйым – «Нашар партия» мен Социалистер партиясы мерзімсіз наразылық акциясын өткізіп жатыр. Наразылар президент пен үкіметті отставкаға жіберуді, мемлекет басшысын бүкілхалықтық төте дауыс беру арқылы сайлауды және елде кезектен тыс парламент сайлауын өткізуді, күш құрылымдарының басшыларын жаңартуды, сонымен бірге банктерден жоғалған миллиардтаған еуро ақшаны қайтаруды талап етеді.

XS
SM
MD
LG