Accessibility links

Ресей - Украина арасында тікелей рейстер тоқтады


Киев әуежайында отырған жолаушы (Көрнекі сурет).

Киев әуежайында отырған жолаушы (Көрнекі сурет).

25 қазаннан бастап Ресей мен Украина арасындағы тікелей рейстер ұшпайтын болды. Бұған дейін Киев Ресейге ұшатын тікелей рейстерді тоқтату туралы ойын айтқан.

Ал өткен айда Украина өз территориясынан Ресей ұшақтарының ұшуына тыйым салған. Бұл шешімді Мәскеу қолдамайтынын және алдағы уақытта жауап дайындайтынын айтқан.

Енді жолаушылар Ресей мен Украина арасына қатынау үшін транзиттік жолмен немесе 13 сағаттық пойызбен жете алады.

XS
SM
MD
LG