Accessibility links

Ресей: Асад сайлау өткізуге дайын


Сирия президенті Башар Асад.
Сирия президенті Башар Асад.

Ресей мемлекеттік думасының депутаты Александр Ющенконың мәлімдеуінше, Сирия президенті Башар Асад елде "барлық саяси күштердің қатысуымен елде президенттік және парламенттік сайлау өткізуге дайын".

Ресейдің парламенттік делегациясымен Дамаскте жүрген Ющенко бұл мәлімдемені Башар Асадпен кездесуден кейін мәлімдеді.

Ресей депутаттарымен кездесуде Асад "егер халық қажет деп тапса өз кандидатурасын ұсынуға дайын" екенін айтқан.

Ақпарат құралдарының мәлімдеуінше, Сирия билігі елдегі экстремистік топтарды жойса Дамаск пен Мәскеудің жоспары толық орындалатынын айтқан.

Мәскеу елдегі өтпелі кезеңде Башар Асадтың билікте қалғанын қолдайды. Ал Батыс елдері Асадтың билікте қалғанына қарсылық танытып келеді.

Сирия президенті Башар Асад 20 қазан күні Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинге әскери қолдауы үшін алғыс айтты. Сириядағы азамат соғысы 2011 жылы басталған еді.

XS
SM
MD
LG