Accessibility links

HRW: Ресейдің әуе шабуылынан 59 бейбіт тұрғын мерт болды


Сириядағы ресейлік ұшақтар (Көрнекі сурет).
Сириядағы ресейлік ұшақтар (Көрнекі сурет).

Халықаралық құқық қорғау ұйымы Human Rights Watch (HRW) Ресейді Сирияда 60 жуық бейбіт тұрғынның өліміне кінәлі деп таныды. Ұйымның 25 қазанда жариялаған есебінде қаза тапқандардың жартысы балалар екені жазылған.

HRW дерегі бойынша, 15 қазанда Хомс қаласында Ресей ұшақтары бейбіт тұрғындар тұратын аймаққа екі рет бомба тастаған.

Ұйым Башар Асадтың үкіметінен бейбіт тұрғындардың өлімін тексеруді талап етеді.

Өткен аптада Сирия құқық қорғау ұйымының өкілі Рами Абдель Рахман ресейлік ұшақтардың шабуылынан 150 қарусыз адамның және 100 жуық экстремистік топтардың содырлары мерт болғанын айтқан.

Бейбіт тұрғындардың өлімінен кейін НАТО Ресейден Сириядағы әуе шабуылдарын тоқтатуды талап еткен. Ал Кремль Ресей ұшақтары тек "Ислам мемлекетінің" содырлары шоғырланған аймақтарды бомбалап жатқанын айтады.

XS
SM
MD
LG