Accessibility links

Брюссельде мигранттар мәселесі талқыланып жатыр


Сириялық мигранттар (Көрнекі сурет).

Сириялық мигранттар (Көрнекі сурет).

25 қазанда Брюссельде ЕО және Балқан елдері лидерлерінің мигранттар мәселесіне арналған саммиті басталды. Бұл жиынға Түркия делегациясы келген жоқ. Саммитте Словения премьер-министрі Мирослав Церар Еуропа мигранттар мәселесіне қатысты нақты қадамдар жасамаса, ЕО тарап кетуі мүмкін екенін ескертті.

Ал Сербия премьер-министрі Александер Вучич босқындар мәселесін шешетін және барлық Еуропа елдері қолдайтын келісім жасалатынына күмән келтірді.

Германия канцлері Ангела Меркель мигранттар мәселесін ЕО пен Түркия бірігіп шешуі тиіс екенін айтты.

XS
SM
MD
LG