Accessibility links

Мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-та аяқталған Skate America жарысынан кейін ISU (Халықаралық коньки спорты ұйымы) жариялаған рейтингте қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 27-орыннан 16-орынға көтерілді.

Ол Skate America жарысында төртінші орын алған. Осы жетістігі үшін ол рейтингіне 290 ұпай қосты.

Ал ерлер арасында Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен алтыншы орында тұр.

Тұрсынбаева 29-30 қазанда Skate Canada (Канада) Гран-приіне, Тен 13-15 қарашада Бордода (Франция) болатын "Trophee Eric Bompard" Гран-приіне қатысады.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG