Accessibility links

Украина: 47 пайыз сайлаушы дауыс берді


Украинадағы сайлаудан көрініс. Киев. 25 қазан 2015 жыл.
Украинадағы сайлаудан көрініс. Киев. 25 қазан 2015 жыл.

25 қазан күні - жексенбіде өткен Украинадағы жергілікті сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 47 пайызы қатысқан.

Орталық сайлау комиссиясы дерегінше, халқы сайлауға ең белсенді қатысқан Тернополь облысы (56%) болса, Донецк облысы сайлаушыларының тек 32 пайызы ғана дауыс берген.

25 қазан күні өткен жергілікті сайлауға Ресей аннекциялаған Қырым мен Донецк және Луганск облыстарының сепаратистер қолындағы аймақтары қатыспаған. Украина халқы облыс орталықтарының басшыларын және жергілікті кеңестер депутаттарын сайлады.

"Опора" азаматтық ұйымы сайлау күні мыңдаған заң бұзушылық тіркелгенін мәлімдеді. Ұйымның хабарлауынша, Киев облысы Потиевка ауылында азаматтар "төлқұжатсыз дауыс берген". Закарпатье аймағында милиция дауыс сатып алу фактісіне қатысты үш қылмыстық іс қозғаған.

XS
SM
MD
LG