Accessibility links

Оңтүстік Азияда қатты жер сілкінді


Ауғанстанның Джалалабад қаласында зілзаладан зардап шеккендер. 26 қазан 2015 жыл
Ауғанстанның Джалалабад қаласында зілзаладан зардап шеккендер. 26 қазан 2015 жыл

26 қазанда Оңтүстік және ішінара Орталық Азия аймақтарында күшті жер сілкінісі болып, ондаған адам өліп, жүздеген адам жараланды.

Сегіз балға жуық зілзаланың эпицентрі Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Джурм қаласына тұспа-тұс келді. Күшті жер сілкінісін Пәкістандағы Исламабад пен Пешавардың және Үндістан астанасы Делидің тұрғындары да сезді.

Табиғи апат кезінде Пәкістанның солтүстігі мен Ауғанстанда ондаған адам өліп, жүздегені жараланды. Қатты жер дүмпуі Тәжікстанда да сезіліп, Душанбе тұрғындарын әбігерге түсірді. Зілзала Қазақстанның оңтүстік өңірінде де байқалды.

XS
SM
MD
LG