Accessibility links

Қазақстан мен Катар бірнеше келісімге қол қойды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев. (Көрнекі сурет)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Катарға сапары барысында ​ дипломатиялық паспорты бар тұлғалардың виза талаптарынан босатылатыны туралы, мәдениет және өнер саласындағы ынтымақтастық туралы екі жақты келісімге, Қазақстан ұлттық банкі мен Катар орталық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум қол қойды.

Назарбаев Катар басшыларына 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесі жайлы айтты және Катар компанияларын сол шараға белсене қатысуға шақырды.

Катар әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл Тани Қазақстан президентінің бұл сапары екіжақты қарым-қатынастарға қуатты серпін беретінін, Доха Астанамен кең ауқымдағы ынтымақтастық орнатуға мүдделі екенін атап өтті. Катар Қазақстанды Орталық Азиядағы сенімді әрі маңызды серіктес ретінде қарастыратынын білдірді.

Екі ел басшысы Қазақстан мен Катар арасында қаржы-инвестиция, банк секторында, агроөнеркәсіп салаларында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуеттің бар екенін айтқан.

XS
SM
MD
LG