Accessibility links

Сауд Арабиясы: Шиит мешітінде жарылыс болды


ИМ содырлар ұйымының туын ұстаған содыр. (Көрнекі сурет)

ИМ содырлар ұйымының туын ұстаған содыр. (Көрнекі сурет)

26 қазан күні кешке Сауд Арабиясының оңтүстігіндегі Наджран қаласында шиит мешітінің бірінде жанкешті өзін-өзі жарып жіберді. Наджран қаласы Йеменмен шекара маңында орналасқан.

Жарылыстан бір адам қаза тауып, бірнеше адам жарақат алған. Жергілікті телеарнаның мәлімдеуінше, жарылысты "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымы мойнына алған.

ИМ биыл Сауд Арабиясының мешіттерінде бірнеше жарылыс ұйымдастырды.

XS
SM
MD
LG