Accessibility links

Оңтүстік Азиядағы зілзаладан қаза тапқандар 300-ден асты


Пәкістандағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің бірі. 26 қазан 2015 жыл.
Пәкістандағы жер сілкінісінен зардап шеккендердің бірі. 26 қазан 2015 жыл.

26 қазан күні Оңтүстік Азия аймақтарында магнитудасы 7,5 болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 330-дан асқан. Пәкістанда кем дегенде - 250, Ауғанстанда 80 адам қаза тапқан. Бұл туралы екі елдің ресми органдары мәлімдеді.

Халықаралық ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, 1 мың 800 астам адам жарақаттанған.

Жойқын зілзаланың эпицентрі Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы Джурм қаласы маңында болған. Күшті жер сілкінісін Пәкістан астанасы Исламабад пен Пешавар, Үндістан астанасы Дели тұрғындары да сезген.

Қатты жер дүмпуі Тәжікстанда да сезіліп, Душанбе тұрғындарын әбігерге түсірді. Зілзала Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде де байқалды.

XS
SM
MD
LG