Accessibility links

Жапония премьер-министрі Назарбаевпен кездесті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанада. 27 қазан 2015 жыл.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанада. 27 қазан 2015 жыл.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ арасындағы кездесу басталды. Назарбаев пен Абэ экономикалық қарым-қатынас пен Қазақстандағы табиғи ресурстарды өндіру жағын талқылайды.

Сондай-ақ Абэ Астанада өтетін қазақ-жапон бизнес форумына қатысады. Одан кейін ол Назарбаев университетінде лекция оқымақ.

Синдзо Абэ бастаған 50 жапониялық компания өкілдері өткен аптада тарихи турне бастаған еді. Абэ Астанаға дейін Моңғолия, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан және Қырғызстанға арнайы іс-сапармен барған.

Сарапшылар Синдзо Абэның Орталық Азия елдеріне сапары аймақпен экономикалық қатынасты дамытуға бағытталған.

Абэ Бішкекке сапары барысында бірнеше миллион долларға Бішкектегі Манас әуежайын жөндеуден өткізу туралы келісімге қол қойған.

Ал Ашхабатқа сапары кезінде Абэ 18 миллиард доллар туратын жылу электр станциясының құрылысын салу туралы келісім жасасқан.

XS
SM
MD
LG