Accessibility links

ИМ Пальмирадағы үш ежелгі мұнараны жарып жіберді


Пальмирадағы тарихи орындардың бірі (Көрнекі сурет).
Пальмирадағы тарихи орындардың бірі (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобының содырлары Пальмира қаласындағы ежелгі үш мұнараны жарып жіберген. Бұл туралы Сирия құқық қорғау орталығының жетекшісі Абдель Рахман мәлімдеген.

Оның айтуынша, ИМ содырлары тарихи орын маңында үш адамды дарға асқан.

Жергілікті құқық қорғаушыларының пайымдауынша, ИМ содырлары осы әрекеттері арқылы БАҚ назарын өзіне аудармақ.

Пальмира қаласын мамыр айында басып алған ИМ содырлары соңғы екі аптада мұндағы ЮНЕСКО қорғауындағы Бәл Шамин, Бәл ғибадатханаларын және Триумф аркасын қиратқан.

XS
SM
MD
LG