Accessibility links

Жапония Қазақстанға АЭС салуға көмектеспек


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанада. 27 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Астанада. 27 қазан 2015 жыл.

Астанаға арнайы келген Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ елінің Қазақстанға атом қуаты станциясын салуға көмек көрсетуге дайын екенін айтты.

Журналистерге арналған брифингте ол екі ел арасында өндіріске арналған мамандар дайындау жағы да қолға алынатынын мәлімдеді.

Ал Нұрсұлтан Назарбаев ірі жапониялық компаниялардың Қазақстанда жұмыс істеуге мүмкіндігі бар екенін айтты.

Назарбаев соңғы екі жылда Қазақстан мен Жапония арасындағы тауар айналымы екі миллиард доллардан асқанын, ал биылғы жарты жылда бұл көрсеткіш 600 миллион долларға жеткенін мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG