Accessibility links

"Нұр Отан" белсенділер сыйлығын қабылдамады


Қоғамдық белсенділер "Нұр отан" партиясының алдында тұр. Орал. 27 қазан 2015 жыл.

Қоғамдық белсенділер "Нұр отан" партиясының алдында тұр. Орал. 27 қазан 2015 жыл.

Бүгін "Абырой" қоғамдық ұйымының төрт белсендісі Оралдағы "Нұр отан" партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалына өрт сөндіру құралын сыйлық ретінде тапсырмақ болды.

Белсенді Лұқпан Ахмедьяровтың айтуынша, олар осы шаралары арқылы 24 қазан күні Таразда "Нұр Отан" ғимараты алдында өзін өртеген жігіттің өліміне партия назарын аудартуға тырысты.

Алайда күзетші қоғамдық белсенділерді ғимаратқа кіргізбеді. Партия өкілдерінен сыртқа ешкім шықпады. Белсенділер өрт сөндіру құралын ғимарат кіреберісіне қалдырып кетті.

24 қазан күні жергілікті уақыт бойынша сағат 10:30 шамасында Тараз қаласының орталық алаңында 1995 жылы туған Ерлан Бектібаев деген азамат өзін өртеп, кейін қалалық ауруханада қайтыс болған. Өзін өртемес бұрын Ерлан Бектібаев полиция қызметкерлерінің қысымы туралы айтып, "Нұр Отан" партиясы көмектесетін шығар" деп үміттенетінін мәлімдеген еді.

XS
SM
MD
LG