Accessibility links

Алматыда жер сілкінісі туралы форум өтіп жатыр


Ауғанстанда 27 қазан күнгі жер сілкінісінен қираған үйлер.

Ауғанстанда 27 қазан күнгі жер сілкінісінен қираған үйлер.

Алматыда 27 қазанда "Орталық Азияда жер сілкінісі зардаптарын азайту" тақырыбындағы екі күндік форум басталды.

Форумды ұйымдастырушы Дүниежүзілік банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан мен Өзбекстанның ғылыми-зерттеу және академиялық институттарының қызметкерлері, билік өкілдері қатысып отыр.

Форумда Қазақстан ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті төрағасының орынбасары Жасұлан Жұмашев елдің батыс өңірінде техногендік сипаттағы жер сілкіністері қаупі бар екенін айтты.

«Қазақстанның мұнай-газ өндіретін аймағы Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарына мұндағы мұнай өндірудің жиілігі салдарынан техногендік жер сілкінісінің қаупі төніп тұр» деді Жасұлан Жұмашев.

Қазақстандағы сейсмология институтының дерегінше, республикада жыл сайын тіркелген қуаты 3-4 балдық 11 мыңнан астам жер сілкінісі тіркелген.

26 қазан күні Ауғанстанның солтүстігіндегі 8 балл шамасындағы жер дүмпуі болған еді. Күшті жер сілкінісін Пәкістандағы Исламабад пен Пешавар, Үндістандағы Дели қаласының тұрғындары да сезді. Табиғи апат кезінде Пәкістанның солтүстігі мен Ауғанстанда ондаған адам қаза тауып, жүздеген тұрғын жараланды. Қатты жер дүмпуі Тәжікстанда да сезілді.

Кеше Шымкентте - 4, Жамбылда 3 балдық жер тербелісі тіркелген.

XS
SM
MD
LG