Accessibility links

Керри Орталық Азия елдеріне сапармен келеді


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри қазанның 30-ы күні Венада өтетін Сирия жөніндегі көпжақты келіссөздерден соң Орталық Азия елдеріне сапарға шығады. Оның сапары қарашаның 3-іне дейін жалғасады деп хабарланды.

АҚШ мемлекеттік департаменті жетекшісі алғаш рет Орталық Азияның бес елін бір сапары аясында аралап шыққалы отыр.

Керри Бішкекте Орталық Азиядағы Америка универститеті жаңа кампусының және Қырғызстандағы АҚШ елшілігі жаңа ғимаратының ашылу рәсімдеріне қатысады деп жсопарланған. Сонымен қатар Өзбекстанның Самарқан қаласында аймақтағы бес елдің сыртқы істер министрлері кездесуіне қатысады. Бұл шара АҚШ-тың Орталық Азия аймағы елдерімен бірге бастайтын жаңа форматтағы диалогы болмақ.

Астанада Джон Керри «АҚШ-Қазақстан стратегиялық серіктестігі» диалогы аясында өтетін кездесуге қатысып, Назарбаев университетінде сөз сөйлейді деп жоспарланған. Аймаққа сапары барысында АҚШ мемлекеттік хатшысы Ашғабат пен Душанбеде кездесулерге қатысады.

XS
SM
MD
LG