Accessibility links

Йеменде «Шекарасыз дәрігерлер» емханасын бомбалаған


Йемендегі бомбалаудан қираған ғимарат. (Видеодан скриншот).
Йемендегі бомбалаудан қираған ғимарат. (Видеодан скриншот).

«Шекарасыз дәрігерлер» халықаралық ұйымы Йеменнің Саапа провинциясында орналасқан ауруханасы әуе шабуылына ұшырағаны туралы мәлімдеді. Әуе соққысы салдарынан медициналық мекеме бүлінген. Зардап шеккендер туралы әзірше ақпарат жоқ.

Алғашқы соққы қазанның 26-сы күні аурухананың әкімшілік ғимаратына жасалған. Арада он минут өткенде қайталанған екінші шабуылға дейін ауруханадағы науқастар мен қызметкерлерді эвакуациялап үлгерген. «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы бомбалау салдарынан аурухана «құрылысының 99 пайызы» бүлінгенін айтады. Йеменде көтерілісші шиит хуситтеріне қарсы әскери-әуе операциясын жүргізіп жатқан Сауд Арабиясы бастаған коалицияның өкілі электрондық хатында альянс ұшақтары ауруханаға шабуыл жасамағаны туралы мәлімдеген.

Бұл соңғы айда «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымына қарасты емдеу мекемесіне жасалған екінші әуе соққысы оқиғасы. Бұған дейін, қазанның 3-і күні, Ауғанстанның солтүстігіндегі Кундуз қаласында «Шекарасыз дәрігерлер» ұйымы ауруханасына АҚШ әскери ұшақтары жасаған шабуыл салдарынан кемінде 23 адам опат болған.

Йеменде биыл наурызда қарулы жанжал басталғалы бері қаза тапқан 5600-ден аса адамның 2600-і бейбіт тұрғындар деп хабарланған.

XS
SM
MD
LG