Accessibility links

ЕҚЫҰ Қазақстанда тәуелсіз басылымды жабуды сынады


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының баспасөз бостандығы жөніндегі өкілі Дуня Миятович Қазақстанда билікке сыни ұстанымымен танымал санаулы тәуелсіз басылымдардың бірін жабуды сынады. Қазанның 22-і күні Алматы соты тілдер туралы заңды бұзғаны үшін «Адам» журналының тіркеу күшін жойып, басылымның Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасын жабу туралы шешім шығарған.

«Қазақстанда пікір еркіндігі мен БАҚ бостандығына ешқандай ақтауға жатпайтын кедергілер қоятын жазалау тәжірибесі дереу тоқтатылуы тиіс» делінген Миятовичтің мәлімдемесінде.

ЕҚЫҰ өкілі соңғы жылдары Қазақстанда басылымдардың жұмысын тоқтатып, жабу және онлайн-ресурстарды бұғаттау оқиғалары қайталанып отырғанын айтып, билікті «ақпарат құралдары қызметін шектейтін ұлттық заңнаманы қайта қарау жөнінде шаралар қабылдауға және қажет болған жағдайда [заңдағы] тыйым салу нормаларын өзгертуге немесе алып тастауға» шақырған.

XS
SM
MD
LG