Accessibility links

АҚШ ИМ-ге қарсы құрлықта операция бастауға әзір


АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ қорғаныс министрі Эштон Картер.

АҚШ Сирия мен Иракта «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы құрлықтағы әскери операцияларды бастауға дайын екенін білдірді.

Пентагон басшысы Эштон Картер сейсенбіде сенаттың қарулы күштер жөніндегі комиссиясындағы сөзінде, ИМ тобына қарсы күресте Вашингтонның өз одақтастарына жәрдем беруден бас тартпайтыны және әуеден бастырмалата соққы беруді бұрынғыдан да үдетумен қоса құрлықта операциялар жүргізуге дайын екені туралы мәлімдеген. Бұл туралы Картердің сөзінен үзінді келтірілген видео америкалық NBC телекомпаниясының сайтында жарияланды.

Әйткенмен Ресей Картердің сөзін "Сирияда құрлықта операция басталатыны жайлы хабарлама деп санамайды" деген президент Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

XS
SM
MD
LG