Accessibility links

Оңтүстік Азиядағы зілзала құрбандары саны көбейді


Пәкістанның солтүстігіндегі елдімекенде зілзаладан зардап шеккен тұрғындар қираған үйдің орнын аршып жатыр. 27 қазан 2015 жыл.

Пәкістанның солтүстігіндегі елдімекенде зілзаладан зардап шеккен тұрғындар қираған үйдің орнын аршып жатыр. 27 қазан 2015 жыл.

Оңтүстік Азиядағы қуатты жер сілкінісінен опат болған адамдардың саны еселене түсті. Пәкістан билігінің хабарлауынша, зілзала салдарынан 300-ге жуық адам опат болып, мың жарым адам зардап шеккен. Ауғанстанда 115 адам қаза тауып, жүздеген адамның жарақат алғаны хабарланды. Пәкістан мен Ауғанстанның таулы аймақтарында мыңдаған тұрғын баспанасыз қалған.

Табиғи апат болған аймақтарда байланыстың үзілуі салдарынан зілзаланың зардабы туралы ақпарат әлі толық болмағандықтан, жергілікті билік орындары қаза тапқандар мен жаралылар саны әлі де өсуі мүмкін деген болжам айтады.

Жер сілкінісінен соң көшкін қаупі де күшейген. Апат болған аймақтарда іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазанның 26-сы күні Ауғанстанның солтүстігіндегі таулы аймағы – Пәкістан, Тәжікстан және Қытаймен шектесетін Бадахшан провинциясының Гинудкуш ауданында 7,5 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. Жер асты дүмпулері Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстік аймағында да сезілген.

XS
SM
MD
LG