Accessibility links

Мәжіліс бұқаралық шаралар туралы заң жобасын қарап жатыр


Наурыз мейрамында концертке жиналған жұрт. Алматы, 22 наруыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Наурыз мейрамында концертке жиналған жұрт. Алматы, 22 наруыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет.)

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бүгінгі жалпы отырыста қолданыстағы заңнамаға спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық іс-шаралары барысында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады деп хабарлады ақпарат агенттіктері.

Заң жобасына сәйкес, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу үшін жергілікті атқарушы билік органдары ұйымдастыру комитеттерін құруы тиіс. Ұйымдастыру комитеттері іс-шараны өткізуге қатысатын ұйымдардың қызметін үйлестіреді.

Жобада бұқаралық іс-шараларды ұйымдастырушылар оған қатысатын көрермен мен сатылған билет саны және автотұрақ орындары туралы жергілікті атқарушы билік органдарына дер кезінде хабарлауға міндетті болатыны жазылған.

XS
SM
MD
LG