Accessibility links

АҚШ Иранды Сирия жайлы келіссөздерге қатысуға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф БҰҰ бас ассамблеясы жиынында. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри (сол жақта) мен Иран сыртқы істер министрі Жавад Зариф БҰҰ бас ассамблеясы жиынында. Нью-Йорк, 26 қыркүйек 2015 жыл.

Сейсенбі күні АҚШ ресми өкілдері Сирия жанжалын саяси реттеу жолын іздестіруге арналған халықаралық конференцияға қатысуға алғаш рет Иран шақырылатынын жария етті. Бұл жиын жұма күні Австрия астанасы Венада өткізіледі.

Бұл осыған дейін «Иран Башар Асадтың позициясын күшейтуді мақсат тұтады» деп санап, Сирия жанжалын реттеуге Тегеранның арағайындық жасауына қарсы болып келген АҚШ пен оның Таяу Шығыстағы одақтастарының ұстанымдары күрт өзгергенін білдіреді. Сонымен бірге «Асадтың биліктен еш кідіріссіз кетуін» талап етіп келген Ақ үй енді оның сәл өзгешелеу айтып отыр.

«Біздің көзқарасымыз бен коалиция бойынша әріптестеріміздің көзқарастары Сирия үкіметінен, ресейліктер мен ирандықтардан мүлде басқаша. Бірақ, меніңше, Сириядағы саяси трансформация туралы келісімге қол жеткізуге мүмкіндіктер бар. Ол өзгерістер басталғанда, бәлкім, Асад әлі билікте отырар. Бірақ аяқталғанға дейін ол онда отырмайды» деп мәлімдеген АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Сьюзан Райс.

Wall Street Journal газетінің жазуынша, Вашингтонның бұл шешімі «өткен айда Асадты қолдайтын әскери операцияны бірлесіп жүргізуінің нәтижесінде Иран мен Ресейдің ықпалы артқанын» көрсетеді.

Бұған дейін Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи Тегерандағы ресми билік өкілдеріне АҚШ-пен Иранның ядролық бағдарламасынан өзге кез келген мәселеде келіссөздер жүргізуге тыйым салғандықтан, Иран үкіметінің Сирияға қатысты АҚШ-тың шақыруын қабылдау я қабылдамасы әзірше белгісіз.

АҚШ, Ресей, Сауд Арабиясы және Түркия өкілдері қазанның 30-ы күні Венада Сирия жанжалын саяси реттеу жолын іздестіруге арналған халықаралық конференцияда бас қоспақ.

XS
SM
MD
LG