Accessibility links

Чехияда мигранттарға қарсы шеру өтті


Прагадағы мигранттарға қарсы шеру. Қыркүйек, 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Прагадағы мигранттарға қарсы шеру. Қыркүйек, 2015 жыл. (Көрнекі сурет).

Сәрсенбі күні Чехияда мигранттарға қарсы бірнеше шеру өтті. Брно қаласындағы мұндай шеруге мың жарымдай адам қатысты.

Мигранттарға қарсы шеру Прага, Острава, Либерец, Усти-над Лабем қалаларында да өтіп, оған көптеген адамдар қатысқаны хабарланды.

Чехияның "Чешске Новины" агенттігінің хабарлауынша, шеруге адамдар "Исламдық басқыншылыққа да, германиялық диктатураға да жол жоқ", "Еуропаны исламдандыруды тоқтату керек" деген мағынада плакаттар ұстап шыққан. Жиналғандар мигранттарды қабылдау квотасының енгізілуіне де қарсылығын білдірді.

XS
SM
MD
LG