Accessibility links

Оңтүстік Азияда зілзаладан мыңдаған жан үйсіз қалды


Жер сілкінісінен қираған үйдің жанында тұрған адам. Пәкістан, 28 қазан 2015 жыл.

Жер сілкінісінен қираған үйдің жанында тұрған адам. Пәкістан, 28 қазан 2015 жыл.

Ауғанстан мен Пәкістанда болған қуатты жер сілкінісінен аман қалған мыңдаған адам үшінші күн далада өмір сүріп жатыр. Зілзаладан қатты зардап шеккен Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва аймағының тұрғындары жамылғы заттар, жылы киім-кешек пен азық-түлікке мұқтаж болып отыр.

Оңтүстік Азияда қазанның 26-сы болған табиғи апаттан 380-ден аса адам опат болып, жүздеген адам зардап шеккен. Құтқарушылар қазанның 26-сы болған жер сілкінісінен соң қатынас үзіліп қалған таулы аймақтарға жетуге тырысып жатыр. Зілзала салдарынан көшкін жүріп, мыңдаған үйді басып қалғаны хабарланған.

Қазанның 26-сы күні Ауғанстанның солтүстігіндегі таулы аймағы – Пәкістан, Тәжікстан және Қытаймен шектесетін Бадахшан провинциясының Гинудкуш ауданында 7,5 магнитудалы жер сілкінісі болған еді. Жер асты дүмпулері Тәжікстан, Қырғызстан мен Қазақстанның оңтүстік аймағында да сезілген.

XS
SM
MD
LG