Accessibility links

Австрия мен Словения шекараға дуал қоюға әзір


Австрия-Словения шекарасында тұрған жүздеген мигрант. 22 қазан 2015 жыл.

Австрия-Словения шекарасында тұрған жүздеген мигрант. 22 қазан 2015 жыл.

Австрия толассыз келіп жатқан мигранттар легіне бақылау қою мақсатында Словениямен шекараға қойылатын арнайы «техникалық кедергі» құрылысын бастамақ.

Елдің ішкі істер министрі Йохан Микл-Лейтнер парламентке құрылыс жұмыстары он күннен кейін басталатынын хабарлаған. Бірақ ол биліктің «Австрияны айнала дуалмен қоршау» жоспары жоқ екенін айтқан.

Дәл осыған ұқсас жоба туралы Словения билігі де хабарлаған. Словения премьер-министрі Миро Серар БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде «қажеттілік туса біз шекара маңына жедел түрде кедергілер орнатуға әзірміз» деп мәлімдеген.

Бұған дейін Австрия мигранттар дағдарысын шешу әдісі ретінде шекараға дуал орнатуды сынап келген. Дағдарысты шешуге тырысқан Австрияның іс-әрекеті босқындар баспана табуға ұмтылған Германия билігінің мигранттарға қатысты саясатын өзгертуге мәжбүр етті: Берлин Австрия жерінен келетін босқындарды қабылдауды бәсеңдетті.

Биыл Еуропаға баспана беруді сұрап 700 мыңға жуық босқын барған. Олардың көбі – Ауғанстан, Африка және Сириядан барғандар.

XS
SM
MD
LG